
Қазақстанда «Сақ стилі» сериясындағы номиналы 500 теңгелік жаңа банкнот айналымға шығуда — бұл ресми төлем құралы болып табылады.
Банкноттың түпнұсқалығын тексеру үшін мынадай белгілерге назар аударыңыз:
- Сипап көргенде бедерлі элементтер сезілуі керек.
- Жарыққа тосқан кезде қорғаныш жібі тұтас бір сызық болып көрінуі тиіс.
- Банкнотты еңкейткен кезде өзіне тән көгілдір әсер пайда болуы керек.
- Жарыққа тосқан кезде номиналы көрсетілген су белгісі айқын көрінуі тиіс.
Ескі 500 теңгелік банкноттар айналымда қалатынын және 2027 жылғы 24 желтоқсанды қоса алғанда, барлық жерде қабылданатынын білу маңызды — оларды қабылдаудан бас тарту заң бұзушылық болып табылады.