
2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңге банкноттардың (бұдан әрі – ескі үлгідегі банкноттар) айналысы тоқтатылады, осыған байланысты көрсетілген күннен бастап ломбард ескі үлгідегі банкноттарды қабылдамайды!
Айналыста 2023 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайнның номиналы 5000 теңге болатын банкноттар (бұдан әрі – жаңа үлгідегі банкноттар) пайдаланылатын болады.
Барлық банктер мен Қазпошта ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегі банкноттарға 3 жыл бойы айырбастайды, ал ҚР Ұлттық Банкінің филиалдары – шектеусіз мерзімде айырбастайды.
2011 жылғы үлгідегі (айналыстан алынған) 5000 теңгелік банкнот

2023 жылғы үлгідегі (айналыста міндетті түрде қолданылатын) 5000 теңгелік банкнот
