Перейти к содержанию
ломбард алматы телефонКіру

Қосымшада одан да көп мүмкіндіктер

ломбард алматы ломбард алматы

Call Center

+7 (707) 8-333-555

Бір QR-кодты сканерлеу — ақшаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін: алаяқтар жалған QR-кодтарды қалай пайдаланады

Жарияланған күні: 20 July 2026, 16:10

QR-кодтар тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеудің үйреншікті тәсіліне айналды. Біз оларды кафелерде, автотұрақтарда, дүкендерде және жеткізу қызметтерінде күнделікті қолданамыз. Алайда осы әдетті алаяқтар да өз пайдасына жаратып, түпнұсқа QR-кодтарды жалған кодтармен алмастырып, пайдаланушыларды жалған сайттарға бағыттауда.

Алаяқтық қалай жүзеге асады

Алаяқтар түпнұсқа QR-кодтың орнына өздерінің жалған QR-кодын орналастырады. Оны сканерлегеннен кейін адам сыртқы көрінісі түпнұсқа сайттан айырмашылығы жоқ фишингтік сайтқа өтеді. Онда пайдаланушыдан:

  • банк картасының деректерін енгізу;
  • SMS арқылы келген кодты айту;
  • қосымшаны немесе жаңартуды орнату;
  • қосымша сілтемеге өту сұралуы мүмкін.

Нәтижесінде алаяқтар банк картасының деректеріне қол жеткізеді немесе құрылғыға зиянды бағдарламалық жасақтама орнатады.

Жалған QR-кодтар қай жерде кездесуі мүмкін

Көбінесе алаяқтар оларды:

  • кафелердегі электрондық мәзірдің орнына;
  • автотұрақ терминалдарына;
  • сәлемдеме жеткізу туралы хабарландыруларға;
  • QR-код арқылы төлем жасау немесе қызмет алу мүмкіндігі бар қоғамдық орындарға орналастырады.

Өзіңізді қалай қорғауға болады

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін:

  • QR-кодты мұқият қарап шығыңыз — ол басқа кодтың үстіне жапсырылмаған болуы керек;
  • сканерлегеннен кейін сайттың мекенжайын тексеріңіз: ол ресми болуы және https арқылы басталуы тиіс;
  • төлем жасар алдында компанияның деректемелері мен төлем сомасының дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз;
  • сайттың түпнұсқалығына күмәндансаңыз, ешқашан CVV-кодты, PIN-кодты немесе растау кодтарын енгізбеңіз;
  • қосымшаларды тек App Store немесе Google Play арқылы жүктеңіз;
  • күмән туған жағдайда төлемді балама тәсілмен жасаңыз: касса, терминал немесе банктің ресми мобильді қосымшасы арқылы;
  • банк картасы бойынша SMS немесе push-хабарламаларды қосып, онлайн операцияларға лимит орнатыңыз.

Егер күмәнді QR-кодты сканерлеп қойған болсаңыз

Мүмкіндігінше тез әрекет етіңіз:

  • банкке хабарласып, қажет болған жағдайда картаңызды бұғаттаңыз;
  • интернет-банктің, электрондық поштаның және басқа да маңызды аккаунттардың құпиясөздерін ауыстырыңыз;
  • екі факторлы аутентификацияны қосыңыз;
  • құрылғыңызды антивируспен тексеріп, алдағы бірнеше күн бойы шотыңыздағы операцияларды мұқият бақылаңыз.

Ең басты қағида — QR-код таныс жерде тұрғанының өзіне ғана сенбеңіз. Төлем деректерін енгізер алдында міндетті түрде қай сайтқа өткеніңізді тексеріңіз.

Дереккөз:Fingramota.kz

Өтінім қалдыру

Сынама: —
Салмақ: —
Жалпы сома: 0 ₸
Өтінім жіберілуде...
Өтінім жіберілді!
Рахмет! Біз сіздің өтінімді алдық және жақын арада сізбен байланысамыз.